бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда қару-жарақ жасырылған қойма табылды

2025-03-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ қаруды,оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты тәркілеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бірнеше облыстың аумағында қару жасырылған төрт орынды тапты. Олардың үшеуінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталды.

Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған ғимаратта Remington 11-87 маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылып,тәркіленді (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған).

Жамбыл облысы Бірлесу ауылының шетінде қару жасырылған жер табылды,онда Benelli моделінің тегіс ұңғылы мылтығы (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған),қос ұңғылы аңшы мылтығы,қол гранатасы және төрт патрон тәркіленді.

Суреттер: polisia.kz

Сонымен қатар,Жаңатас қаласының жанында тегіс екі ұңғылы мылтық,газ тапаншасы және үш оқ-дәрі жасырылған орын анықталды.

Алматы облысындағы кенттердің бірінде арықтан әртүрлі калибрлі екі аңшы мылтығы (олардың бірі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған),жарық-шу гранатасы,АК-74 магазині,жеті патрон және қара тактикалық бетперде табылды. Нөмірлер жойылған қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қатысты қосымша тексерулер жүргізіледі.

Ведомство осы бағыттағы жұмысты жүйелітүрде жалғастырып жатыр. Соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың,тінту мен рейдтердің арқасында түрлі 8 119 қару,845 граната,114 мыңнан астам оқ-дәрі табылып,тәркіленген. Сондай-ақ қару жасырылған 738 орын табылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap