бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қарағандыда оқушылар сыныптас қыздың намысы үшін төбелесіп қалған

2025-03-06     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда оқушылар қыздарға бола төбелесті. Жанжал салдарынан оқушылар ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға ақпанда болған. Куәгерлердің айтуынша,9-сыныптың екі оқушысы сыныптас қыздың суретін танысу сайтына орналастырып,оның толық жеке деректерін және телефон нөмірін жариялап жіберген. Қыз бұл туралы жоғарғы сынып оқушыларына шағымданған. 10-сынып оқушылары оған араша түсуді жөн көрген.

14 және 15 ақпанда олар 9-сынып оқушыларымен кездесіп,арасында жанжал туындаған. Төбелесте 9-сыныптың екі оқушысы жарақат алып,ауруханаға жеткізілді.

"10-сыныптың екі оқушысы 9-сыныптың екі оқушысымен төбелесті. Бұл жабылып төбелесу болған жоқ",– деді оқиғаның куәгерлері.

Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мектеп оқушылары арасындағы жанжалдың болғанын растады. Ведомство мәліметінше,оқиға кешкі уақытта болған.

"Төбелес Потанин атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып және 9-сынып оқушылары арасында болған. 9-сынып оқушылары жарақат алып,ауруханаға жеткізілді. 17 ақпанда мектепте осы жанжалға қатысушылармен әңгіме жүргізілді. Кеңес шешімі бойынша 10-сынып оқушылары ішкі мектептік бақылауға алынды. Мектеп әкімшілігі оқушылар арасында осындай жанжалдардың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдады",– деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ,ведомство ата-аналар мен оқушыларға қатысты қосымша шараларды қабылдау құқық қорғау органдарының құзыретінде екенін атап өтті.

Өз кезегінде өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Полиция екі кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылар анықталды. Олар – 15 және 16 жастағы үш жасөспірім",– деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта құқық бұзушылармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға шақырылып,полиция есебіне алынды.

"Жәбірленушілерге қажетті сараптамалар тағайындалды,олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу аяқталғаннан кейін күдіктілердің ата-аналарына қатысты шаралар қабылданады. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы бұл істі ерекше бақылауда ұстап отыр. Мұндай оқиғаларға тек заң аясында ғана емес,сонымен қатар жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту және болашақта құқықбұзушылықтардың алдын алу тұрғысынан да қарау маңызды",– деп мәлімдеді полиция департаменті.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap