бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда колонияның бұрынғы басшысы ұсталды

2025-03-06     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша бұрынғы колония басшысы ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратқа сәйкес,құқық қорғау органдарының қызметкерлері әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетінде ұстаған.

"Ол Алматы бойынша ҚАЖД-ның №13 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің басшысы қызметін атқарады",– делінген хабарламада.

Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ ҚАЖК берген мәлімет бойынша,аталған тұлға ұсталған сәтте ішкі істер органдарының қызметкері болмаған.

"Оған қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік саясатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты көмек көрсетеді",– деп мәлімдеді ҚАЖК.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap