бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

БАӘ сұрауы бойынша ұсталған қазақстандықтар: Бас прокуратура пікір білдірді

2025-03-10     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Бас прокуратурасы Бакуде қазақстандық Жанболат Серіковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметінше,қазіргі уақытта "БАӘ-нің құзыретті органдарымен байланыс орнатылған".

"Күдіктілер ұсталғаны белгілі. Біз БАӘ-нің құзыретті органдарымен байланыстамыз,оларға халықаралық келісімдер аясында тергеу жүргізу үшін қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеуді басқа елдің органдары жүргізіп жатқандықтан,қандай да бір ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ",– деп мәлімдеді Бас прокуратура өкілдері не.

Еске салайық,20 қаңтарда Бас прокуратура Жанболат Серіковтың БАӘ сұранысы бойынша ұсталғанын хабарлаған болатын.

Telegram-арналарда ұсталған азаматтың "Finiko негізін қалаушы Эдвард Сабировқа жасалған шабуылды ұйымдастырушы" екені айтылып жатыр. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ немесе теріске шығарылған жоқ.

БАҚ мәліметінше,Жаңа жыл түнінде Дубайдағы виллаға қарақшылар баса-көктеп кіріп,327 мың доллар қолма-қол ақшаны ұрлап,Эдвард Сабиров пен оның жұбайына жарақат салған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap