бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматы әуежайындағы адамды кепілге алу оқиғасы: Тоқаев тапсырма берді

2025-03-10     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Алматы әуежайындағы кепілге алу оқиғасына қатысты батыр азаматты марапаттауды тапсырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз жөніндегі кеңесшісі Руслан Желдібай мәлім етті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып,ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп,аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды",- деп жазды ол телеграм парақшасында.

Еске салсақ,7 наурыз Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адамның қызметкерге шабуыл жасаған видеосы тарады. Қылмыскер батыл азаматтың көмегімен ұсталды. Видеода қоңыр футболка киген ер адамның пышақ ұстаған қылмыскерді қалай қарусыздандырғаны көрінеді.

Шешуші сәтте ол қаскүнемнің қолынан пышақты жұлып алып,содан кейін құқық қорғау органдары шабуыл жасаған адамды ұстады.Полицияның мәліметінше,батыл ер адам – әуежайға жолаушыны шығарып салуға келген қарапайым жүргінші. Шабуыл жасаған адам – Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap