бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

2025-03-10     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысында 6 наурыз күні қатты боран мен төмен көріну салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдар жабылды",- делінген хабарламада.

Қиын метеожағдайларға байланысты облыс жолдарында 719 жеңіл автокөлік,605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік тоқтап қалды. Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысының қиындауына және жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді.

Атап айтқанда,Қарағанды — Теміртау тасжолында үш жол-көлік оқиғасы болған. Абырой болғанда зардап шегугілер жоқ. Апаттардың негізгі себептері — нашар көріну және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы.

"Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілер мен тұрғындарды алыс сапарлардан бас тартуға,жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырады. Абай болыңыздар,өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар",— деді Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap