бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда алғаш рет екі құрметті атақ берілді

2025-03-10     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы","Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" құрметті атақтары алғаш рет табысталды.

"Әлемдік додаларда топ жарып,еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар.

Біз қажырлы еңбегімен,ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.

Биыл елімізде – "Жұмысшы мамандықтары жылы". Қазір осы саладағы білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы,мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапат алғаш рет тапсырылады.

"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға беріледі.

Ал өндіріс озаты Майра Ерманова "Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" атанып отыр.

Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп,оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де – осы",- деді Мемлекет басшысы.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap