бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Жасыл аймақтың“ бұрынғы басшысы сотталды

2025-03-11     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты "Жасыл аймақ" КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы "Жасыл аймақ" КММ бұрынғы басшысы И. Бегасиловқа,оның орынбасары А. Ерназаровқа,КММ заңгері М.Айнабековаға және кәсіпкер И.Муслимовқа қатысты үкім шығарды",- делінген хабарламада.

Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,Ерназаров,Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Сонымен қатар,олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды".

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес,қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap