бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Шерзат Болаттың өлімі: іс осы аптада сотқа түседі

2025-03-12     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың (Полатты) өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша,іс жақын арада сотқа түседі.

"Қазіргі уақытта Шерзаттың ісі прокуратурада қаралып жатыр. Біз оны жақын күндері,осы аптада,сотқа түседі деп күтіп отырмыз",– деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Алайда сот отырысының өзі нақты қашан басталатынын ІІМ өкілі айта алмады.

"Бұл – соттың құзыреті. Іс сотқа түскеннен кейін судья тағайындалады,ол негізгі сот процесін жүргізеді. Кейінірек бұл туралы соттың өзі нақты түсініктеме бергені дұрыс болады",– деп түсіндірді вице-министр.

Еске салайық,4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген,осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып,олар келіп Шерзатты пышақтап,басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі,ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген,бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap