бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді - депутаттар түзету жұмыстарын бастады

2025-03-12     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер бойынша жұмысқа кірісті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше,заң жобасы Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

"Заң жобасы 2027 жылға қарай медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды және мемлекеттік міндетті тегін медициналық көмекті екі есеге,57-ден 32 пайызға дейін қысқартуды,сондай-ақ,МӘМС-ті 68 пайызға дейін ұлғайтуды көздейді",- деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін МӘМС жүйесіне жарна төлеудегі табыстың жоғарғы шегін ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

"Жұмыссыздарға,әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыс және шұғыл деңгейлеріне жататын адамдарға МӘМС жарналары жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді",- деп толықтырды депутат.

Биыл қаңтарда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жарналарын қайта қарау туралы пікір білдірді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap