бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанадағы жаңа стадион құрылысына 17 миллиард теңге жұмсалады

2025-03-12     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қ. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысына 17 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым нысандарын салып жатыр.

Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 миллиард теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданған.

Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазір ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қосқанда жалпы 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады.

"Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр. Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі",- деп жазылған хабарламада.

Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысанды салуға арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Оның ішінде 7 мектеп,2 спорт кешені,көпсалалы аурухана кешені,облыстық жедел жәрдем стансасы,арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы,жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар,қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap