бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Хасан Қасымбаевқа қатысты істе тағы бір жәбірленуші пайда болды

2025-03-13     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаевқа қатысты істе тағы бір жәбірленуші пайда болды. Бұл туралы бірінші жәбірленуші Арман Әлімовтің адвокаты мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау,денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау деректері бойынша тергеу басталған болатын.

"Ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру Арманға қатысты,ал бопсалау басқа жәбірленушіге қатысты",- деді адвокат Әлішер Әлішев.

Ол осылайша бұл іс бойынша екі жәбірленуші барын растады.

Адвокат Әлішер Әлішев Хасан Қасымбаев қазір уақытша ұстау изоляторында отырғанын мәлімдеді. Оған ҰҚТ құру және басшылық ету бойынша айып тағылмаған.

"Тергеу аяқталғанын және іс материалдарымен танысу процесін күтеміз. Тергеу жүріп жатыр,нәтижелерін күтеміз",- деді адвокат Әлішер Әлішев.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.

Еске салайық,бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап,соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды.

Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші,яғни ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені жазылған. Оның туыстарының сөзінше,ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп,артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap