ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі Ұлттық құрылтай қайда өтетінін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында,кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.