бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

2025-03-17     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 15-17 наурыз аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болтынына болжам жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері елімізде екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді. Антициклонның ықпалымен шығыс,орталық және солтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы құрғақ және тұрақты болады. Ал батыс,солтүстік және оңтүстік аймақтар солтүстік-батыс циклонының ықпалына түсіп,жаңбыр мен қар жауады,жел күшейіп,көктайғақ болуы мүмкін. Кейбір жерлерде тұман түсіп,көріну деңгейі төмендеуі ықтимал.

Ауа температурасы қандай болады?

Қазақстанның батысында: түнде +2...+7°C,күндіз +12...+20°C.

Қазақстанның солтүстігінде: түнде -1...-10°C-тан -3...-2°C-қа дейін,күндіз +1...+6°C-тан +5...+10°C-қа дейін.

Қазақстанның шығысында: түнде -12...-22°C-тан -5...-12°C-қа дейін,күндіз -2...+6°C-тан +1...+8°C-қа дейін.

Қазақстанның оңтүстңгңнде: Түнде +2...+7°C,күндіз +13...+18°C-тан +18...+23°C-қа дейін.

Оңтүстік-шығыста: түнде -2...+3°C,таулы аймақтарда -8...-13°C,күндіз +10...+15°C-тан +15...+20°C-қа дейін болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша,жауын-шашын,тұман және көктайғақ жол қозғалысын қиындатуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілерге барынша сақ болу және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap