бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы айтты

2025-03-17     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі туралы айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді,шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ.

Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің,сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар,халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді,логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын,оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ",- деді Президент Ұлттық құрылтай отырысында.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap