ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының Алатау ауданында Наурыз мерекесін атап өту және 22 наурызда "Алматы Арена" спорт кешенінде өтетін Tynda Music симфониялық концертіне дайындық жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты көлік қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастыруға уақытша өзгерістер енгізіледі.
19 наурыз сағат 00:00-ден 24 наурыз сағат 00:00-ге дейін Универсиада көшесінің Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Наурыз мейрамының концерті мен мерекелік шараларына келушілерге ыңғайлы болу үшін қосымша автотұрақтар ұйымдастырылды:
Момышұлы көшесіндегі жаңа мешіт аумағында;
"Алматы Арена" спорт кешені аумағында;
"Алатау" дәстүрлі өнер театры аумағында.
Суреттер: Алматы әкімдігі
"Қалалық әкімдік тұрғындарды алдын ала бағыттарын жоспарлауға,уақытша шектеулерді ескеруге және мерекелік күндері қозғалысты жеңілдету үшін ұсынылған автотұрақтарды пайдалануға шақырады".