бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы мүшесін қабылдады

2025-03-20     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша,тәуелсіздік алған сәттен бастап АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі саналады.

Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,ядролық қаруды таратпау секілді негізгі салалардағы,сондай-ақ сауда-экономикалық,инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша,екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп,4 миллиард доллардан асқан.

Кэрол Миллер сый-құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып,АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды. Әсіресе,энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға,цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға,сондай-ақ мемлекеттер арасындағы көлік-логистика байланыстарын кеңейтуге айрықша мән берілді.

Бұдан бөлек,Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap