бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Арғын Нығматулин Қазақстаннан шығып кеткен - Антикор

2025-03-20     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулиннің тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан шығып кеткенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Құрақбаев Сенат отырысының кулуарында айтты.

"Антикор Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Басқа мемлекеттік орган тергеп жатыр,пікір бере алмаймыз. Біз тек осы іс бойынша іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз",– деді Құрақбаев.

Сенат кулуарында журналистер Антикор басшысының орынбасарынан Арғын Нығматулиннің қайда екенін анықтау мүмкін болды ма деп сұрады.

"Оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз: тергеу басталғанға дейін кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Қазіргі уақытта оны іздеу және қайтару бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Іздеу барлық елде жүргізіледі – ол мемлекетаралық іздеуге жарияланды",– деп түйіндеді Дархан Құрақбаев.

Еске салайық,бұған дейін Бас прокуратура Арғын Нығматулин мен басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Сот Нығматулинге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап,оны іздеуге жариялады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap