бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды

2025-03-20     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда Ыстамбұл мэрі,оппозиция өкілі Экрем Имамоглу ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Имамоглының үйінде тінту жүргізіліп,кейін оның полициямен сот ғимаратына жеткізілгені хабарланды.

Бұған дейін Ыстамбұлда ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы операция басталғаны хабарланған болатын. Операция аясында мэр Экрем Имамоглу мен оның баспасөзбен байланыс жөніндегі кеңесшісі Мурат Онгунды қамауға алу туралы ордер берілген. Жалпы,шамамен 100 адамға қатысты қамауға алу ордерлері беріліп,оларға сыбайлас жемқорлық,пара алу,алаяқтық және сатып алу айыптары тағылған.

Айта кетейік,Имамоглу Түркияның ең ірі оппозициялық партиясы – Республикалық халық партиясының (CHP) праймеризінде жалғыз кандидат болған. Алайда Ыстамбұл университеті Түркия Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Имамоглудың дипломын жарамсыз деп таныды. Бұл шешім оған президенттікке үміткер болуға кедергі келтіреді,себебі президенттікке тек жоғары білімді азаматтар ғана үміткер бола алады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap