бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Қазақтелекомға“ қарсы Интернет бағасына байланысты тергеу басталды - БҚДА

2025-03-20     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) бәсекелестік деңгейін айқындау және тауар нарығына қолжетімді ету кезіндегі кедергілерін жоюға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында сымды (тіркелген) Интернет қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспарлы талдауды аяқтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта сымды интернет нарығы жоғары шоғырланған,мұнда жиынтық үстем жағдайға "Қазақтелеком" АҚ және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ие.

"Талдау аясында байланыс операторларының интернет қызметтеріне бағасының динамикасы зерттелді. Талдау нәтижелері бойынша "Қазақтелеком" АҚ-ның іс-әрекеттерінде тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Осыған байланысты агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды тергеп-тексеру рәсімін бастады",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ,БҚДА уәкілетті мемлекеттік органдарға басқа байланыс операторларының тұрғын үйлерге кіруіне кедергілерді жою бойынша ұсыныстар жіберді.

"Талдау барысында агенттік қызмет көрсету кезінде бөгде байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруіне,сондай-ақ кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады",- делінген хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap