бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

2025-04-03     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептерінде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден өзінің депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдап,ауылдық жерлердегі білікті кадрлар тапшылығы мәселесін көтерді.

"Ауыл тұрғындарымен кездесулерде бірдей шағымдарды естиміз: механизаторлар,агрономдар,сауыншылар,ветеринарлар жетіспейді. Қазіргі уақытта 60 мыңнан астам маман қажет,әрі бұл тапшылық одан әрі ұлғая береді. Әр үшінші фермада кадр тапшылығы бар,әсіресе Солтүстік Қазақстан,Ақтөбе,Жамбыл және Алматы облыстарында. Жастар ауылдан кетіп жатыр,себебі олар онда мансаптық өсу мүмкіндігін көрмейді",– деді депутат Мәжіліс отырысында.

Ол Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы үшін кадрлар даярлау және ауылды дамыту мәселесін ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындап бергенін айтты.

"Бүгінде жастарды жай ғана оқыту жеткіліксіз,оларға туған жерінде өзін көрсетуге жағдай жасау қажет. "Кім қай жерде туды – сол жерде қажет болу керек" деген қағида ауыл шаруашылығында орта буын мамандарын даярлаудың негізіне айналуы тиіс.

Бұл мәселенің шешімі – мектептерде агропрофильдік білім беруді енгізу. Ауыл мектептерінде агропрофильдік сыныптар ашылуы тиіс. 7-11 сынып оқушылары механизация,агрономия,ветеринария,мал шаруашылығы және агробизнес негіздерін оқитын болады",– деп ұсынды Әбден.

Осыған байланысты депутат Оқу-ағарту министрлігіне ауыл мектептерінде агропрофильдік білім беру жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді,ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне мектептерді ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қосып,дуальді оқытуды қамтамасыз етуді ұсынды.

Сонымен қатар,ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істеуге дайын түлектерге жеңілдіктер мен гранттар жүйесін енгізуді,ал Ұлттық экономика министрлігіне бұл бағдарламаны ауылды дамыту жөніндегі ұлттық жобаларға қосу қажеттігін айтты.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap