бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев энергетика министріне тапсырма берді

2025-04-03     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жай-күйі,негізгі жобаларды іске асыру барысы мен саланы одан әрі дамыту жоспары туралы есеп берілді.

Президентке отандық мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істеп тұрғаны жөнінде баяндалды. Биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ министр Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Ерлан Ақкенженов газ өндіру,Қашаған,Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауыттарын салу жоспарын таныстырды. "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральді газ құбырының екінші желісі және "Талдықорған – Үшарал" газ құбырының құрылысы жалғасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаты 26 гигаваттан асатын жаңа генерациялау кешендерін іске қосу көзделіп отырғаны айтылды. Бұл 2035 жылға қарай ішкі сұранысты өтеу мақсатында қолға алынды.

Кездесу соңында Президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы мұнай-газ,мұнай-газ химиясы және электр энергетикасы салаларында жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтауға,тұрғындар мен өндірістік нысандарды қуат көзімен тұрақты қамтамасыз етуге баса назар аудару қажет деп санайды. Президент инвестициялық климатты жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау,геологиялық барлауға стратегиялық инвесторларды тарту міндеттерін жүктеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap