ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өрт шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер қою қара түтіннің видеосын жолдады. Олардың айтуынша,саябақ маңында бірнәрсе қатты жанып жатыр.
Алматы ТЖД мәліметінше,2 сәуірде сағат 14:52-де өртсөндірушілер Медеу ауданындағы Гоголь көшесі,1 мекен жайындағы өртті ауыздықтаған.
"Жалпы ауданы 30 шаршы метр болатын,фаст-фуд дайындайтын үш жер өртенді. Зардап шеккендер жоқ",- деп жазылған хабарламада.
Еске салайық,бұған дейін Қарағандыда жатақханадан өрт шығып,студенттер ауруханаға түскені хабарланды.