бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жамбыл облысында жаңа босанған ана мен сәбидің өлімі: полиция мәлімдеме жасады

2025-04-03     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Шу ауданында 25 жастағы жаңа босанған ана мен сәби қайтыс болды. Осыдан кейін қалалық аурухана қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізілетіні айтылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі – "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Жамбыл облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне Шу қалалық ауруханасы қызметкерлеріне қызметтен тыс тексеру жүргізу туралы сұрау-хат жолданды",– деп хабарлады департамент өкілдері.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер қажетті кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік,наурыздың басында Шу қалалық ауруханасында 25 жастағы әйел комаға түсіп,сәбиінен айырылып,кейін өзі де көз жұмған болатын. Марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап,олардың әрекеттерін тексеруді талап еткен.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap