ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде Таразда түсірілгені айтылған жантүршігердік кадрлар тарады. Онда басы жарылған ер адамның денесі көрсетілген. Жамбыл облысы ПД бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоға қоса берілген ақпаратта кейінгі күндері Таразда осындай жарақаттары бар үшінші адамның денесі табылғаны айтылған. Қала тұрғындары арасында "балға ұстаған маньяк" туралы қауесет тарай бастады.
Жамбыл облысы ПД бұл оқиғаның облыс аумағында болмағанын мәлімдеді.
"Жамбыл облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес,жалған ақпарат тарату,оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады",– деп ескертті полиция өкілдері.
Еске салайық,1 сәуірде саябақ маңындағы скверден ер адамның жантүршігерлік жағдайда жатқан денесі табылған болатын. Сол күні-ақ қала тұрғындары мессенджерлер арқылы "Таразда маньяк жүр,қолында балғасы бар,екі адамды өлтіріп үлгерді..." деген хабарламаны бір-біріне жібере бастады. Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.