бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алған: Жамбыл облысында шенеунік сотталды

2025-04-03     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 наурызда Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Д.Кемеловқа үкім шығарды.

"Шенеунік жүк көліктерінің иелері мен жүргізушілері М.Мамыровтан,Н.Абдуллаевтан және Е.Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды",- деп жазылған хабарламада.

Мамыров пара берумен қатар,Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.

Кемелов 6 жылға,Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды,пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа 5,6 млн теңге айыппұл салынды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap