ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше,Алматыда жылыту маусымы жыл сайын гидрометеорологиялық қызмет бес күн ішінде тіркеген орташа тәуліктік температура +8 градустан жоғары болғаннан кейін аяқталады.
Тұтынушыларды жылудан ажырату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
әкімшілік ғимараттар,оқу орындары,театрлар;
тұрғын үйлер,жатақханалар,қонақүйлер;
балалар,емдеу мекемелері,мектептер,кәсіптік мектептер,медициналық-әлеуметтік мекемелер.
"Нақты күні БАҚ-та қосымша жарияланады",- деп толықтырды әкімдік өкілдері.