бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

2025-04-07     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Биыл 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке,оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығардыү

"Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 миллион теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды",- делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша,Куконев 7 жыл 6 айға,Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ,олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар,Куконев "азаматтық қорғаныс полковнигі",Майманов "азаматтық қорғаныс майоры" арнайы атағынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap