бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Танымал актер қызды ұрып-соқты деп айыпталды: полиция тексеріс бастады

2025-04-07     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде қызды ұрып-соқты деп айыпталған танымал актерге қатысты даулы ақпарат пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлия Бутеева есімді қазақстандық сурет-видеолар жариялады. Актер Шәріп Серік қыздың артынан жалаң аяқ жүгіріп шығып,қолынан ұстап,лифттен шығарып алғаны айтылады.

Ал суреттен қыздың беті қызарғаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Booteyeva (@aliya_booteyeva)

Қыз үнсіз қалғысы келмейтінін жазды.

"Тіпті түсімде де өзімді сүйікті адамым қол көтерді деп айтатын адам ретінде көрген емеспін. Бірақ сол нәрсе болды. Аттауға болмайтын шекаралар бар деп ойлаймын",- деп жазды ол.

instagram.com/@aliya_booteyeva

Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы,соның ішінде орны мен уақыты анықталып,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады",- деді Алматы Полиция департаменті өкілі.

Актер Шәріп Серік қызды ұрды деген ақпараттан кейін Sәlem Entertainment компаниясы онымен барлық байланысты тоқтататынын мәлімдеді.

"Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады. Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп,онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.

Бұған дейін жарияланған "Шакал" сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар,актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауға тиіс болған,алайда ол жобадан толықтай алып тасталды",- деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ,"Патруль:последний приказ" фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді кинонұсқадан алып тастау үшін белсенді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

"Актермен барлық келісімшарт тоқтатылды",- деді компания өкілдері.

Айта кетейік,2020 жылғы қазанда актер Шәріп Серік Say Mo лақапатымен танымал әнші Мөлдір Есембекке ұсыныс жасағаны белгілі болды,алайда олар кейін екіге кетті.

Шәріп Серік Instagram-дағы қысқа,әзіл-сықақ сипатындағы видеоларымен танымал болды. Ол "Районы","Бизнесмены" және "Пацанская история" фильмдерінде,сондай-ақ,"Шекер",Qarga және басқа да жобаларда ойнады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap