бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Өңірлер үшін “Орда Аймақ“ жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

2025-04-07     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылдың 7 сәуірден бастап Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы,ҚТК) "Орда Аймақ" ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасын іске қосты.

"Орда Аймақ" жаңа ипотекалық бағдарламасы ҚТК кепілдігі бар объектілерінен салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.

Өтінімдер "Отбасы Банкі" АҚ уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. "Отбасы Банк" АҚ - да депозиттің болуы бойынша қарыз алушыға қойылатын талабы мен тұрғын үйдің болуы бойынша шектеу "Орда Аймақ" бағдарламасына қолданылмайды.

"Орда Аймақ" бағдарламасының шарттары:

Қарыз сомасы - 1-ден 75 млн теңгеге дейін;

Қарыз мерзімі - 12 айдан 240 айға дейін;

Бастапқы жарна - сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%;

Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 15,9% (ЖЭС 17,26% - дан 22,81% - ға дейін);

"Орда Аймақ" ипотекасына өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау жеткілікті:

www.orda.homeprotal.kz "Нысандар" бөлімінде пәтерді таңдаңыз

"Отбасы банк" АҚ серіктес банк бөлімшесінде қажетті құжаттармен өтінім беру,өтінім бойынша шешім күту

Банктік қарыз шартын және кепіл шартын жасасу

Кепіл шартын уәкілетті органмен тіркелгеннен кейін қарыз беру жүзеге асырылады.

Салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасын,сондай-ақ байланыс туралы ақпаратты ҚТК тұрғын үй порталынан алуға болады

Толық ақпарат алу үшін ҚТК-ның сall-орталығына хабарласыңыз: +7 7172 79-75-75 – қалалық телефоннан қоңырау шалу. 8 800 080-44-48 – ұялы телефоннан қоңырау шалу.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap