бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қырғызстан ірі алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

2025-04-07     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2023 жылғы маусымда адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банк шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп,банк шоттарына қол жеткізген.

Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банк шоттарына ақша аударып,олардың қаражатын иемденген. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден аса шығын келтірілген.

"Биыл қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып,Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік,бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп,бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap