бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

БҚО-да жергілікті тұрғындарды бопсалаған ер адам ұсталды

2025-04-08     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алған Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп,жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып,олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып,олардан ақша бопсалаған.

"Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды",- делінген хабарламада.

Бопсалау дерегі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap