ПОДЕЛИТЬСЯ
Арқалық қаласының 35 жастағы блогері зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше,зардап шеккендердің арасында кәмелет жасына толмағандар жоқ.
Алдын ала деректер бойынша,күдікті кейбір жәбірленушілерге қарызға ақша беріп,олар берешегін қайтара алмаған жағдайда интимдік қатынас талап еткен. Қарсы болған әйелдерге ер адамның зорлықпен жыныстық қатынас жасағаны айтылды.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр,тиісті сараптамалар тағайындалды. Бірнеше мәрте қылмыс жасағаны дәлелденсе,оған 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.