бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Бишімбаев алименттен бас тартпайды“. Бұрынғы министрдің адвокаты мәлімдеме жасады

2025-04-08     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Назым Қаһарманның Бишімбаевтар отбасы балаларға алимент төлеуден толық бас тартты деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеола адвокат бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.

"Қуандық Бишімбаев бүгінде алимент төлеуден бас тартпайды,өйткені бұл – әрбір ата-ананың қасиетті міндеті",– деді адвокат.

Ол заң бойынша Бишімбаев бұрын қол қойылған алимент төлеу туралы келісімді өзгертуге құқылы екенін нақтылады.

"Ол тек алимент бойынша келісімді бұзуды немесе оның шарттарын өзгертуді көздеп отыр,себебі оның бұрынғы табыс көзі жоқ. Заңда бұл жағдай,яғни материалдық жағдайдың елеулі өзгерісі кезінде,көзделген. Шын мәнінде,Қуандық Бишімбаевтың бас бостандығынан айыру орындарында болуына байланысты оның табыс мөлшері айтарлықтай өзгерді",- деп түсіндірді Ерлан Ғазымжанов.

Сондай-ақ,адвокат Бишімбаевтың ата-анасы "өз еркімен" біраз уақыт бойы келісімде көрсетілген сомаға сәйкес балаларға алимент төлеп келгенін растады.

"Бірақ Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың қарт ата-анасына қарсы бірнеше рет дөрекі және қорлайтын сөздер айтып,олардың балалармен қарым-қатынас жасауына кедергі келтіріп,сондай-ақ әлеуметтік желілерде психологиялық тренингтер түрінде қудалау ұйымдастырған соң,ата-анасы уақытша басқа мөлшерде көмек көрсетуге шешім қабылдады. Олардың пікірінше,бұл сома балаларды асырауға жеткілікті. Бұл ұстаным алименттік келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі дау шешілгенге дейін болады",– деді Бишімбаевтың адвокаты.

Еске салайық,Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл тұрған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы – экс-министрдің алғашқы қылмыстық ісі бойынша түрмеден босатылғаннан кейін бір жыл өткен соң ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

Жақында Қуандық Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден бас тартқаны белгілі болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap