ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 8,9 және 10 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамы бойынша,алдағы үш күнде елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Жаңбыр мен найзағай,тұман,желдің күшеюі күтіледі. Батыста,солтүстік-батыста,солтүстікте,орталықта және шығыста – жаңбыр,ал шығыста түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады",– деп хабарлады синоптиктер.
Батыс өңірлерде: түнде температура +5…+13°C-тан +1…+9°C-қа дейін төмендейді,
күндіз +15…+25°C-тан +10…+20°C-қа дейін өзгереді.
Солтүстік пен орталықта: түнде 0…+8°C-тан +2…+12°C-қа дейін,күндіз +10…+20°C-тан +17…+25°C-қа дейін жоғарылайды.
Шығыс Қазақстанда: тТүнде аздап салқындайды – -2…+7°C-тен -5…+5°C-қа дейін,
күндіз біртіндеп жылынып,+13…+21°C-тан +17…+25°C-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік өңірлерде:т үнде +10…+15°C,күндіз +20…+28°C-тан +23…+32°C-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста,оның ішінде таулы аймақтарда: Түнде +5…+12°C,таулы жерлерде -3…+2°C-тан +3…+8°C-қа дейін,күндіз +15…+25°C-тан +12…+20°C-қа дейін ауытқиды