бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Дженнифер Лопестің Қазақстанға келуі Үкіметте талқыланды

2025-04-09     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Олжас Бектенов 1 тамызға жоспарланған америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында "Астана концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов әлемдік жұлдыздың концертін ұйымдастыру жоспарын бөлісті. Премьер-министр бұған қолдау білдіріп,мұндай бастама маңызды екенін жеткізді.

"Сізбен бірнеше рет кездесіп,әлемдік жұлдыздарды тарту жөніндегі жоспарларыңызды талқыладық. Қолыңыздан келгеніне қуаныштымын. Бұған дейін ұзақ жолдан өткеніңізді білемін. Өйткені мұндай концерттерді ұйымдастырушыларға өте жоғары талаптар қойылады",- деді Бектенов.

Үкімет басшысы Қазақстан ауқымды мәдени іс-шараларды өткізу үшін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. Олжас Бектенов осы бағытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге уәде берді.

"Қазақстан осындай іс-шараларды өткізудің тұрақты орнына айналуы үшін бұл жұмысты жалғастыру қажет. Біз Үкімет тарапынан барлық қажет қолдауды көрсетеміз",- деп түйіндеді ол.

Еске салайық,бұған дейін америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің 1 тамызда Астанада өтетін концерті ел бюджетіне 400 миллион теңге кіріс әкелетіні хабарланды. Бұл туралы Astana Venue Management компаниясының бас директоры Мәлік Хасенов мәлімдеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap