бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда жоғары жалақы алатындарға салықты көтеру ұсынылды

2025-04-10     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин табысы жоғары қазақстандықтар үшін жоғары табыс салығын енгізуді ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатындар туралы сөз болып отыр,бұл - 33 миллион 422 мың теңге.

"Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатын жұмысшылар үшін 15 пайыз деңгейінде жоғары мөлшерлеме белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысқа қосымша салық салынатын механизмді құруға мүмкіндік береді",- деді Жұманғарин Мәжіліс отырысында.

Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кіріске 10 пайыз мөлшерінде корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі бойынша салық салынбақ. Қазір олар салық салудан босатылған.

"Квазимемлекеттік сектордың бағалы қағаздары бойынша табысқа да салық салу ұсынылады. Бұл ретте экономиканың нақты секторын қолдау және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту үшін "Бәйтерек" холдингінің бағалы қағаздарынан түсетін кіріске 2030 жылға дейін салық салудан босату ұсынылады. Бұл экономикаға жыл сайын 10 триллион теңге көлемінде қаржы құюға мүмкіндік береді",- деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap