бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы

2025-04-10     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы жалған ақпарат таралып жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламаларда жүргізушілер жарамдылық мерзімі алдағы үш жылда аяқталатын жүргізуші куәліктерін 10 сәуірге дейін міндетті түрде ауыстыруы қажет екені айтылған.

Алайда полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының айтуынша,жүргізуші куәліктерін ауыстыру жоспарлы түрде жүргізіледі және қосымша шарттар мен қайта тапсыруды талап етпейді.

"Жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібіне ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Азаматтардан фейк ақпараттарға сенбеуді және тек ресми дереккөздерден ақпарат алуды сұраймыз",– деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Сондай-ақ,департамент әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Полиция қырағылық танытуға шақырады және тек сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге кеңес береді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap