ПОДЕЛИТЬСЯ
Жетісу облысында "Sim-Box" құрылғыларын пайдалану дерегі анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен,облыстық ҰҚКД,ПД-нің "Киберпол" бөлімшесі,сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ қызметкерлері бірлесіп,"Sim-Box" құрылғыларын заңсыз пайдалану дерегін анықтады.
"Оперативтік іс-шаралар барысында 29 жастағы облыс тұрғынының үйінен 7 дана "Sim-Box" құрылғысы,роутерлер,компьютерлер,ноутбуктер,ұялы телефондар және 6,5 мыңнан астам ұялы байланыс операторларының SIM карталары тәркіленді",- делінген хабарламада.
"Sim-Box" құрылғысы алаяқтар тарапынан жаппай телефон қоңырауларын генерациялау,хабарламалар тарату және абонент нөмірлерін ауыстыру үшін кеңінен қолданылады.
"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы ("Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды".
Бұл соңғы екі айда "Sim-Box" құрылғысын пайдаланудың екінші анықталған жағдайы.