бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу нұсқасы бойынша оқиға қалай болған?

2025-04-11     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурор Шерзат Болатты (Полатты) өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында айыптау актісін оқыды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу нұсқасына сәйкес,адам өлтіруге басты айыпталушы – Абзал Шынасыл. Прокурордың айтуынша,дәл Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақпен өлімге әкелген соққы жасаған.

"Шынасыл кәмелетке толмаған Болатқа аса қатыгездікпен пышақ сұққан. Шерзат Болат соққыны сезіп,қашуға әрекеттенген. Бірнеше метр жүгірген соң,құлаған",– деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше,одан кейін бүкіл топ Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа шабуыл жасаған. Оған да бірнеше рет пышақ салған. Прокурордың айтуынша,жаппай төбелеске қатысушылар Шерзат Болаттың ауыр халде жатқанын көре тұра,оған қайта жақындап,аяқпен тепкілеп,басынан ұрған.

Төбелестен кейін шабуылдағандардың барлығы оқиға орнынан бой тасалаған. Ал ауыр жараланған Шерзат Болатты әкесі – Қаржаубай Нұрымов өз көлігімен Талғар ауруханасына жеткізген,алайда ол көз жұмған.

Айыпталушы Шынасыл Абзал ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтіру") айыпталып отыр. Сондай-ақ оған 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша да айып тағылған.

Сакиев Равиль – 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") және 99-баптың 2-бөлігі,24-баптың 3-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша айыпталып отыр.

Белғожаев Шыңғыс,Әскентай,Ильясов,Тоқтаубаев Нұрбол,Тоқтаубаев Азамат,Қалиахмет Дидар — барлығы 293-бап ("Бұзақылық") бойынша айыпталып отыр.

Кәмелетке толмаған Ысқақ Думанға "Ауыр қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша айып тағылған.

Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп,200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу,іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп,қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық,Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды,кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап,жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар,Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап,халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap