ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы Өтеген-Батыр ауылында екі белгісіз ер адамның 9 жастағы балаға шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаны өңірлік Полиция департаменті растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша,ер адамдар балаға "сыра ішіп,өздерімен бірге жүруді" ұсынған. Бала бас тартқаннан кейін,олардың бірі оның басынан ұрып,киімін жыртып жіберген. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар балаға араша түсіп,ер адамды полиция келгенге дейін ұстап тұрған.
Алматы облысы ПД бұл оқиға бойынша бұзақылық дерегі тіркеліп,қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдікті анықталып,ұсталды,қазіргі уақытта уақытша бейімделу және детоксикация орталығында",– деді ведомствода.