ПОДЕЛИТЬСЯ
Абай облысында ер адам шартта көрсетілген талаптарға қарамастан,көлікті автосалонға қайтарып,ақшасын өндіріп алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік сатып алғаннан кейін ер адам алдыңғы бампердің бекітпелерінен ақау және жолаушы есігінде майысқан жерді анықтаған. Соған қарамастан,автосалон шартта көрсетілген сапаны тексеру ережелеріне сүйеніп,көлікті қайтарудан бас тартқан. Ер адам Абай облысының сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінген.
Департамент қызметкерлері сотқа дейінгі талап-хат дайындап,автосалонға "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" заңды түсіндірді.
Нәтижесінде тараптар келісімге келіп,шарт бұзылды және сатып алушыға 17,5 миллион теңге қайтарылған.