бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Үй, көліктер және 32 млрд теңге: Алматыдағы МҚҰ-ларға қатысты алаяқтықтың мән-жайы

2025-04-14     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңсыз микроқаржы ұйымдарын ұйымдастырушылардың 32 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Creditum МҚҰ,Sofi Finance МҚҰ,Hava Finance МҚҰ,SF Offline МҚҰ,POS Credit МҚҰ,"Сәлем Кредит" МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет деректері бойынша тергеуді жалғастырап жатыр.

Бұған дейін бұл МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан аса азамат зардап шеккені,оларға келтірілген шығын көлемі 30 миллиард теңге екені хабарланды.

"Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz,Koke.kz,Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Бұл ретте кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып,азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған",- деп жазылған хабарламада.

Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарындағы 1,8 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға тыйым салынды,сондай-ақ,30 миллиард теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.

МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды. Жалпы құны 225 миллион теңге көлемінде 2 тұрғын үй мен BMW X6,Toyota Tundra маркалы көліктеріне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap