ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте бірінші сынып оқушысы су толы шұңқырға құлап,қаза болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға 12 сәуірде Туран-1 шағынауданында болған. Жеті жастағы бала шамамен сағат 17:00-де серуендеуге шыққан және үйіне оралмаған. Ата-анасы оны бірден іздеуге кіріскен.
Баланы шамамен сағат 22:00-де тереңдігі екі метр шамасындағы,су толған шұңқырдан тапқан. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тексеру жүріп жатыр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша,бала құлаған шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлерге арналған септик үшін қазылған. Алайда кейін құрылыс жұмыстары тоқтап,шұңқыр ашық күйінде қалған. Уақыт өте келе ол сарқын суларға толған.
Бұл шұңқыр мектеп пен балабақшаға жақын жерде орналасқан,сол себепті тұрғындарды үнемі алаңдатып жүрген көрінеді. Олар қауіпті аумақты қоршау туралы жауапты органдарға бірнеше рет жүгінгенімен,ешқандай шара қолданылмаған.