бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Күзетшілер суретке түсуге тыйым салған“: Алматы әкімдігі алдындағы алаң кімге тиесілі?

2025-04-15     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінен Республика алаңы кімге тиесілі екені сұралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісіндегі "Дежурный по городу" атты топта алматылық тұрғының шағымы жарияланды. Әйелдің айтуынша,оған Алматы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан саябақ аймағында суретке түсуге тыйым салынған.

"Алматыдағы Жаңа алаңда (Республика алаңы) саябақ аумағында күзетшілер суретке түсуге тыйым салды. Бұл қаншалықты заңды,қандай себеппен және түсініктемені кімнен алуға болады? Күзетшілердің айтуынша,Жаңа алаң жекеменшікке берілген",– деп жазды алматылық тұрғын.

Бұл мәселені Алматы әкімінің баспасөз қызметіне жолдадық. Қалалық әкімдік мәліметінше,алаң аумағы Алматының коммуналдық меншігіне жатады.

"Алаң аумағында сурет және видео түсіруге тыйым салу көзделмеген. Тексеру барысында күзет ұйымының қызметкерлері бұл мәлімдемені нақты айтқан тұлғаны атай алмады.

Сонымен қатар,күзет ұйымымен алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді",– деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap