бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда банктерге қатысты ережелер қатаңдатылады

2025-04-15     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда іс-қимылды қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Негізгі мақсаты – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"Енді Агенттік анықталған тәуекелдер немесе оларды басқарудағы кемшіліктер жойылғанға дейін тұтынушыларға қаржы өнімдерін беруді тоқтата тұруға құқылы болады",- делінген хабарламада.

Кредиттік өнімдер үшін шамадан тыс борыш жүктемесінің тәуекелдерін азайтуға бағытталған жауапкершілікпен кредит беру қағидаттары енгізілетін болады. Ақпаратты жария етуге,жарнамаға қойылатын талаптарды күшейту,сондай-ақ жосықсыз практикаларды шектеу жоспарланған.

"Сонымен қатар жаңа жүйе жосықсыз іс-қимыл мен алаяқтық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Реттеудің маңызды құрамдас бөлігі қаржы ұйымының тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастамаларды жүргізу міндеті болады".

Бұдан басқа,қаржы нарығына қатысушылар арасында міндеттерді тиімді бөлу үшін қаржы нарығында жолданымдарды қарау тәртібі қайта қаралды. Жаңа тәсілге сәйкес қаржы ұйымы бірінші кезекте тұтынушылардың жолданымдарын қарауға және шешім қабылдауға міндетті. Бұдан әрі дауды қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі қарауы мүмкін,ол қазір қаржы нарығында дауларды сотқа дейінгі реттеудің негізгі тетігі болып табылады.

"Осы өзгерістердің барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және тұтынушылар мен қаржы өнімдеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Кешенді тәсіл қаржы нарығында адал іс-қимылды ынталандыруға бағытталған",- делінген хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap