бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“ҚазАвтоЖол“ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

2025-04-15     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2025 жылғы 14 сәуірде республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана – Қарағанды (айналып өту) – Алматы" автомобиль жолының "Қарағанды – Теміртау" учаскесінің (Астана қаласы бағытында) 193–194 шақырым аралығында жол жамылғысындағы ақауларды жою мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

"Аталған учаскеде үш жолақты қозғалыс қарастырылған. Берілген рұқсатқа сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілу кезінде көлік қозғалысы бір жолақ арқылы кері бағытпен (реверсивті әдіспен) ұйымдастырылады",- делінген хабарламада.

Жүргізушілердің назарына:

жол қозғалысы ережелеріне сәйкес белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз;

жолда аса мұқият болыңыз;

қауіпті маневрлерден және апатты жағдайлар туғызудан абай болыңыз.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap