ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жексенбіде ауа райы құбылмалы болады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада бұлтты,кей кездері жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с,күндіз екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура 5-7 градус жылы,күндіз 10-12 градус жылы болады.
Алматыда ауа райы бұлтты,бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с шамасында. Түнде 11-13,күндіз 27-29 градусқа дейін ысиды.
Шымкентте күн бұлтты,күндіз жаңбыр жауып,найзағай ойнауы ықтимал. Жел бағытын солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыстырып,8-13 м/с жылдамдықпен соғады,кейде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы 16-18,ал күндіз 30-32 градусқа дейін көтеріледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде,шығысында және орталығында жаңбыр жауады,күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр,найзағай және бұршақ күтіледі. Жел солтүстік,солтүстік-шығыстан 9-14 м/с,кейде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 2-7 градус жылы,батысында 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз 8-13 градус жылы. Көкшетауда жауын-шашын болмайды. Түнде 2-4,күндіз 10-12 градус жылы.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып,9-14 м/с,кейде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 11-16 градус жылы,таулы аудандарда 2-7 градус,күндіз 24-29,тауда 14-19 градус. Қонаев қаласында жауын-шашынсыз. Түнде 11-13,күндіз 27-29 градус жылы.
Жетісу облысында да жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с,шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы 8-13 градус,оңтүстігінде 17 градусқа дейін,таулы өңірлерде 3 градус жылы. Күндіз 25-30,таулы өңірлерде 19 градус. Талдықорғанда бұлтты,бірақ жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде 8-10,күндіз 28-30 градус жылы.
Түркістан облысында таңертең және күндіз солтүстік,батыс және таулы аймақтарда жаңбыр жауады,найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып,8-13 м/с,кейде 15-23 м/с дейін күшейеді. Түнде 15-20,таулы өңірлерде 12 градус,күндіз 29-34,тауда 22 градус жылы. Түркістанда жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Жел 8-13 м/с,күндіз 15-20 м/с. Түнде 16-18,күндіз 30-32 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Түнде 0-5 градус жылы,батыс пен солтүстікте -3 градус үсік. Күндіз 10-15,оңтүстігінде 18 градус жылы. Оралда жауын-шашынсыз. Тұман болады. Жел 5-10 м/с. Түнде 1-3,күндіз 13-15 градус жылы.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде 1-6,күндіз 13-18 градус жылы. Атырауда ауа райы бұлтты,жауын-шашын жоқ. Жел 3-8 м/с. Түнде 4-6,күндіз 16-18 градус жылы.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең жаңбыр жауады,найзағай,тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып,9-14 м/с. Түнде 5-10,күндіз 18-23,батыста 14 градус жылы. Ақтауда түнде жаңбыр болуы мүмкін. Жел 5-10 м/с. Түнде 8-10,күндіз 14-16 градус жылы.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып,9-14 м/с. Түнде 2-7 градус жылы,солтүстікте -2 градус үсік,күндіз 10-15,оңтүстікте 18 градус жылы. Ақтөбеде бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде 0-2,күндіз 10-12 градус жылы.
Қостанай облысында күндіз оңтүстікте жаңбыр,найзағай. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман. Жел 9-14 м/с. Түнде 0-5,батыста -3 градус үсік,күндіз 11-16 градус жылы. Қостанайда жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде 0-2,күндіз 12-14 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Жел 9-14 м/с,түнде оңтүстікте 15-20 м/с. Түнде 0-5,күндіз 9-14 градус жылы. Петропавлда жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде 0-2,күндіз 11-13 градус жылы.
Павлодар облысында күндіз батыс және солтүстік бөлігінде жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен 9-14 м/с. Түнде 5-10,күндіз 12-17,оңтүстік пен шығыста 20-25 градус жылы. Павлодарда жауын-шашынсыз. Түнде 7-9,күндіз 15-17 градус жылы.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде 6-11,шығыста 3 градус,күндіз 21-26,ал батысы мен солтүстігінде 11-16 градус жылы. Қарағандыда жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде 9-11,күндіз 23-25 градус жылы.
Ұлытау облысында түнде солтүстік пен орталықта жаңбыр,күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с,күндіз 16 м/с дейін. Түнде 7-12,күндіз 15-20,солтүстікте 9,шығыста 25 градус жылы. Жезқазғанда жаңбыр мен найзағай болады. Жел 9-14 м/с. Түнде 10-12,күндіз 15-17 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Түнде 5-10,таулы аудандарда 0-5 градус аяз,шығыста 12-17 градус жылы. Өскеменде жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде 8-10,күндіз 27-29 градус жылы.
Абай облысында да жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Түнде 5-10,оңтүстікте 13 градус жылы,күндіз 25-30 градус. Семейде жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде 6-8,күндіз 28-30 градус жылы.
Қызылорда облысында түнде солтүстік,оңтүстік және орталықта жаңбыр жауады. Орталық пен оңтүстікте найзағай,дауыл,шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с,кейде 15-20 м/с. Түнде 11-16,солтүстікте 8,күндіз 16-21,оңтүстікте 24 градус. Қызылордада жаңбыр мен найзағай. Жел 9-14 м/с,түнде 15-20 м/с. Түнде 14-16,күндіз 18-20 градус жылы.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тұман түседі. Жел 9-14 м/с,кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде 12-17,тауларда 8,күндіз 27-32,таулы аудандарда 24 градус жылы. Таразда жауын-шашынсыз,жел екпіні 15-28 м/с дейін. Түнде 12-14,күндіз 28-30 градус жылы.