бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда құны пәтер бағасымен бірдей алқа сатылымға шығарылды

2025-04-15     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда активтерді қайтару науқаны аясында тәркіленген эксклюзив зергерлік бұйымдарды сату жалғасып жатыр. Солардың арасында құны 55 миллион теңгеге бағаланған Van Cleef & Arpels алқасы бар,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақ алтыннан (750 сынама) жасалған,салмағы 16,92 карат гауһартаспен көмкерілген алқаның бастапқы бағасы 46 миллион теңгеден асады. Потенциалды сатып алушы 7 миллион теңге көлемінде кепілдік жарна енгізуі тиіс. Сауда аукцион форматында,бағаны көтеру тәсілімен өтеді. Зергерлік бұйымның бағаланған құны – 55 миллион теңгеден асады. Сауда 23 сәуірде басталады және e-qazyna.kz электрондық платформасында өтеді.

Барлығы алдағы аукционда 61 зергерлік бұйым сатылымға қойылады. Бұл әшекейлер заңсыз байыды және ақшаны шетелге шығарды деп күдікке ілінген адамдардан тәркіленген. Есімдері аталмағанымен,әңгіме бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер туралы болуы мүмкін.

"Бұл сауданың мақсаты – қайтарылған активтерді тиімді пайдалану,қызығушылық танытқан қатысушыларға эксклюзивті зергерлік өнер туындыларын сатып алу мүмкіндігін беру",– деп хабарлады қайтарылған активтерді басқару компаниясы.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap