ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 17,18,19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады,ал 17 сәуірде елдің шығысында қатты жауын-шашын жауады.
Қазақстанның солтүстігінде,орталығында және шығысында түнде 1-6 градусқа дейін,күндіз 1-8 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді,елдің оңтүстігіндегі таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады,күндіз де жаңбыр жауады,түнде 3 градусқа дейін аяз болады.
Тек Қазақстанның батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы күндіз 17-22-ден 23-28 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.
Қазақстан бойынша екпіні 15-20 м/с дейін жел күшейеді,түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!